Экс-министр Қуандық Бишімбаев 2 айға қамалды
Оған "кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр.11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.
Еске салайық, 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында 20:30 шамасында әйел азамат жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырып, оның өліміне қатысты Қазақстанның экс-министрі Қуандық Бишімбаев ұсталғаны белгілі болған. Бұл ақпаратты бір тәуліктен соң Ішкі істер министрлігі растады.
Қазіргі таңда Астана полиция департаменті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қуандық Бишімбаевқа "кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр.
Оқи отырыңыз: Женщину избили до смерти в ресторане: подозреваемого водворили в ИВС ДП Астаны