Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты, деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
"Сотталған азамат сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеді. Сот шешімінің негізінде оған амнистия актісі қолданылып, босатылды. Сотталғандарға қатысты шешімдерді қарау және қабылдау соттың құзыретіне жатады. Сонымен қатар, алдағы уақытта бақылау және қадағалау мақсатында бұл сотталған пробация қызметіне есепке қойылды", – делінген хабарламада.
Еске салайық, 2020 жылы Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол сотта өз кінәсін мойындады және соңғы сөзінде бостандыққа шыққан соң "Ешқашан өзгенікін алма" және "Нағыз бақыт деген не" тақырыбында кітап жазатынын айтқан болатын.