Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы ұсталды
Екеуі де елордадағы УҰИ-на қамалды.Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев қамауға алынды.
"Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев елден кетуге тырысқан жерлерінен ұсталды", – деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Екеуі де елордадағы УҰИ-на қамалды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Утиль алымын жинаумен РОП операторы емес, мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс