Үндеу жасауға оншақты адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғаларының жиі болғаны себеп болды. Бұл туралы Polisia.kz порталы жазды

Бейнехабарламаларды артистер, актерлар, журналистер, спортшылар, блогерлер мен вайнерлер жазды.

"Олардың басты мақсаты – қазақстандықтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қайтымсыз салдары бар қайғылы оқиғалардан қорғауға шақыру. Мәдениет, теледидар, спорт қайраткерлері әлеуметтік челленджды ықыласпен қолдап, қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамайтын әріптестеріне жеткізді", – делінген хабарламада.