Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қазақша күрестен алғашқы алтын медалді Айжан Жылқыбаева салды.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта күресіп, финалда қырғызстандық спортшы Луиза Асакееваны жеңді.

Еске салайық, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2 430 спортшы мен жаттықтырушы келді. Сонымен қатар Қазақстанға 100 мың турист келеді деп жоспарланып отыр.

Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.