Досаев Алматыда төрт ауданның басшысын ауыстырды
Наурызбай, Алмалы, Бостандық және Әуезов аудандарының әкімі жаңарды.Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президенті әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша төрт ауданның жаңа әкімін ұжымға таныстырды, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа аудан әкімдері:
- Назира Тоғызбаева, Наурызбай ауданының әкімі.
Ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
- Абзал Егембердиев, Әуезов ауданының әкімі.
Ол бұған дейін Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасын басқарды.
- Санжар Алин, Бостандық ауданының әкімі.
Ол бұған дейін энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
- Айдар Жақыбаев, Алмалы ауданының әкімі.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап ол Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болды.