Дональд Трамп Илон Маскқа үкімет тиімділігі департаментін басқаруды ұсынды
Бұл департаментті ол Вивек Рамасвамимен бірге атқарады.АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп миллиардер Илон Маск пен бұрын Республикалық партия атынан президент сайлауына түсуге үміткер болған Вивек Рамасвамиге жаңа мемлекеттік құрылым – АҚШ үкіметінің тиімділігі департаментін (Department of Government Efficiency – DOGE) басқаруды ұсынды, деп хабарлады BBC.
Дональд Трамптың мәлімдеуінше, жаңа департамент Ақ үймен тығыз әріптестікте жұмыс істеп, ауқымды құрылымдық реформалар жүргізумен айналысады.
"Бұл екі америкалық азамат бірлесіп үкіметтік бюрократияны жою, шығындарды азайту, федералды агенттіктерді қайта құрылымдау бойынша менің бастамамды жалғастырады", – деді Дональд Трамп.
Оның сөзінше, Илон Маск пен Вивек Рамасвами бұл қызметті 2026 жылдың шілдесіне дейін атқарады.
Жаңа департаменттің DOGE аталауы да тегін емес. Бұл атау Илон Масктың Dogecoin криптовалютасымен сәйкестендіріп алынған.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтады