АҚШ-тағы сайлауда бұрынғы президент Дональд Трамп тағы бір әлеуетті штат Пенсильванияда да жеңіске жетті, деп хабарлайды Associated Press. 

Дональд Трамп Пенсильванияда 51%, оның басты бәсекелесі, вице-президент Камала Харрис 48,1% дауыс жинады. Сонымен қатар Американың бұрынғы басшысы осы кезде Невада, Аризона, Висконсин және Мичиган, Харрис-Миннесотада жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта Трамп екі партия арасындағы барлық свинг штаттарында көш бастап тұр. 

  • Висконсин: Трамп - 51,3%, Харрис - 47,3%;
  • Пенсильвания: Трамп – 51%, Харрис – 48,1%;
  • Солтүстік Каролина: Трамп – 51,1%, Харрис – 47,7%;
  • Невада: Трамп – 51,6%, Харрис – 46,7%;
  • Грузия: Трамп – 50,8%, Харрис – 48,5%;
  • Аризона: Трамп - 50,3%, Харрис - 48,9%.

FoxNews мәліметінше, Трамп АҚШ тарихындағы екі рет президент болған екінші адам болады.