Доллар тағы қымбаттады: айырбастау пункттеріндегі бағам қандай?
KASE-де доллар бағамы күрт өсті.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 4,24 теңгеге қымбаттап, 471,93 теңге болды.
Ұлттық банктің ресми бағамы — 467,58 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы ақша айырбастау орындарында:
- доллар 467–474 теңге аралығында саудаланып жатыр;
- еуро 544–554 теңге;
- рубль 6,30–6,60 теңге шамасында.
Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде:
- доллар 470,55 теңгеден сатып алынып, 472,68 теңгеден сатылып жатыр;
- еуро бағамы 546,70–551,91 теңге аралығында;
- рубль 6,36–6,50 теңге деңгейінде саудаланып жатыр.