Доллар биржада 3 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 450 теңге болды.Ұлттық банк 26 маусымдағы шетелдік валюталардың ресми бағамын белгіледі.
Жұмадан бері доллар 2,84 теңгеге, бір айда 5,55 теңгеге қымбаттады.
Қазақстанның ақша айырбастау пункттері долларды орта есеппен 449 теңгеден сатып алып, 449-451 теңгеден сатып жатыр.