Қазақстандық қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 27 сәуірде доллар курсы 456,21 теңге болды.

Бір тәулікте доллар бағамы 2,25 теңгеге өссе, бір айдағы өсім – 1,47 теңгені құрады.

Қазақстандық ақша айырбастау пункттерінде доллар 453,5-454 теңгеге сатып алынса, сату бағасы – 456,5-457,5 теңге.