Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндік сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 505,71 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,94 теңгеге төмен.

Қазақстан Ұлттық банкінің 22 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы – 506,7 теңге.

Kurs.kz дерегінше, қазіргі уақытта:

  • Алматыда долларды орта есеппен 505,66 теңгеден сатып алып, 507,92 теңгеден сатып жатыр;
  • Астанада айырбастау пунктері долларды 504,01 теңгеден сатып алып, 511,01 теңгеден сатуда;
  • Шымкентте доллар 505,84 теңгеден сатып алынып, 507,95 теңгеден сатылып жатыр.