Ресейлік Dodo Brands компаниясы өзінің заңды мекенжайын Британдық Виргин аралдарынан Қазақстанға өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлады компанияның қаржы директоры Лина Наумова.

"2023 жылы 15 желтоқсанда Директорлар кеңесі холдингтік компанияның BVI-дан «Астана» халықаралық қаржы орталығына (Қазақстан Республикасы) редомициляциясын (барлық бизнес құрылымдары мен қатынастарын сақтай отырып, компанияның юрисдикциясын өзгерту. –Автор) мақұлдады. Осы шешімді бекіту мақсатында 2024 жылдың 10-26 қаңтары аралығында акционерлердің сырттай дауыс беруі өтеді", – деп түсіндірді Лина Наумова компанияның Telegram-да.


Оқи отырыңыз: Америка кәсіпкер әйелдердерді қалай қолдайды? АҚШ-тан арнайы репортаж


Дауыстарды жинау нысаны әрбір дауыс беруге қатысушыға жеке жіберіледі, дауыс беру алдындағы шешім түпкілікті шешім болып саналмайды.