2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында әнші Димаш Құдайбергеннің Stranger атты жеке концерті өтеді. Бұл туралы әнші Instagram желісінде хабарлады.

"Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын", – деп жазды Димаш Құдайберген.

Билеттер әлі сатылымға шыққан жоқ.


Оқи отырыңыз: Димаш – миллиард жанкүйері бар адам. Әншінің фанаттары туралы