Танымал әнші Димаш Құдайберген опера әншісі Пласидо Домингоның иығына қазақ дәстүрі бойынша шапан жапты. Бұл жайында ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған өнерпаз кемде-кем.Саф өнері арқылы өз ұлтының үнін,жүректен шыққан тың туындыларын күллі әлемнің алақанында аялата білген 20 ғасырдың үздік опера әншісі Пласидо Доминго атамызға дәстүріміз бойынша шапан жапқан сәттен көрініс. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих", – деп жазды Димаш Құдайберген.