Белгілі әнші Димаш Құдайберген 30 жасқа толатын туған күнінде Түркияның Ыстанбұл қаласында жеке концертін өткізуді жоспарлап отыр. Ол бұл туралы Instagram желісінде жазды. 

"Құрметті достар! 2024 жылдың 24 мамырында Stranger туры аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында жеке концертім өтеді. Осы кеште өнердің әсем әлеміне құштар, көңілдері ізгілікке толы, дос пейілді жандармен бірге ән шырқап, тұтас бір әлем болатынымызға сенемін! Сол үшін қуаныштымын", – деп жазды Димаш Құдайберген. 

Әнші 1994 жылы 24 мамырда дүниеге келген. Биыл ол 30 жасты толтырады.