Депутат мәжіліс төрінде анасын туған күнімен құттықтап, желіде сынға қалды
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров депутаттық сауалын жолдамас бұрын төрағадан рұқсат сұрап, анасын 70 жасқа толуымен құттықтады.
Loading...
Ол анасына ізгі тілектерін мәжіліс төрінде айта бастағанда өзге депутаттар қол шапалақтап қолдау көрсетті. Дегенмен, бұл видео әлеуметтік желіде тез тарап кетіп, желі қолданушылардың бұған қатысты ой-пікірі екіге жарылды. Пікірлерден желі қолданушылардың дені депутаттың бұл әрекетін құптамайтыны анық сезіледі. Тіпті, бұған рұқсат берген мәжіліс төрағасына сын айтқандар да бар.
Ардақ Назаров құттықтаудан соң әскерден оралған азаматтарды әлеуметтік қолдауға қатысты депутаттық сауалын жолдады.
"Бүгінде әлем елдері цифрландыру үдерісіне айрықша мән беріп отыр. Қазақстан бұл бағыттан қалыс қалмай, цифрландыруды жүйелі түрде іске асыруда. Дегенмен, әскери қызмет және әскерге шақыру саласында цифрландырудың толыққанды игілігі әлі де кешігіп келеді. Сондықтан әскерге шақыру барысындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін электрондық кезек жүйесін енгізіп, қоғамның сенімін арттыру қажет", –деді Ардақ Назаров.