Денсаулық сақтау саласындағы жергілікті бюджет шығыны 15% қысқарды. Әр адамға 4,4 мың теңгеден бөлінген
Ең көп Алматы қаласында адам басына 7,9 мың теңгеден жұмсалды.2021 жылдың бірінші жартысында денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жергілікті бюджет көлемі 15,2% қысқарды. Яғни 83,6 млрд теңгеге дейін азайды. Өткен жылдың осы уақытында денсаулық сақтау саласына жергілікті бюджеттен 98,6 млрд теңге бөлінген еді. Бұл салыстырмалы түрде 79,2% көп, деп хабарлады finprom.kz.
Жергілікті бюджеттен денсаулық сақтау саласына жұмсалатын ақша жалпы бюджеттің 2,3%-ын құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 3% көп. 2018 жылы бұл көрсеткіш 15%-20% көлемінде болған.
Өңірлер бойынша:
- Алматы – 15,7 млрд теңге, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,1% көп;
- Қарағанды облысы – 8,1 млрд теңге, 17,2% көп;
- Жамбыл облысы – 8,1 млрд теңге, 51,6% көп.
Бәрінен аз:
- Ақмола облысы – 1,6 млрд теңге;
- Маңғыстау – 2,2 млрд теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 2,3 млрд теңге.
Республика бойынша орташа есеппен әр адамға 4,4 мың теңгеден жұмсалды.
Лидерлер:
- Алматыда адам басына – 7,9 мың теңге;
- Жамбыл облысы – 7,1 мың теңге;
- Қарағанды облысы – 5,9 теңге.
Бәрінен аз Ақмола облысы жұмсады – адам басына 2,2 мың теңге.