Денсаулық сақтау министрі Ashyq лидерлеріне қандай жеңілдік жасалатынын хабарлады
9 тамыздан бастап Ashyq лидерлеріне сағат 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жүйесіне қатысатын субъектілер 2-9 тамыз аралығында жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, ал Ashyq лидерлері сағат 22:00-ге жұмыс істей алатынын хабарлады. Ал 9 тамыздан бастап Ashyq лидерлеріне сағат 24:00-ге дейін рұқсат етіледі.
Бұл келесі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты:
- сауда ойын-сауық орталығы, сауда желілері;
- қоғамдық тамақтану орындары (оның ішінде жазғы алаңдар), фудкорттар;
- фитнесс-орталықтар, фитнесс-клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары, бассейндер, СПА орталықтары, спорт нысандары;
- сән салондары, шаштараздар, "барбер шоптар", косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар;
- караоке, бильярд, боулинг, компьютерлік клубтар;
- кинотеатрлар.
Сондай-ақ, Ashyq талабын бұзатындарға қойылатын талаптар да қатаңдатылады. Талап бұзылған жағдайда кәсіпкер не кәсіпорын жүйеден бір аптаға шығарылады. Қайталанған жағдайда – 2 апта, ал келесі ретте талап тағы бұзылса – 1 айға жүйеден шығады.