Нұр-Сұлтан қаласындағы "Барыс Аренада" мәнерлеп сырғанаудан II Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирінің жабылу рәсімі өтті.

ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Денис Тенді еске алуға арналған турнирдің бәріміз үшін орны бөлек екенін, жарыс биыл халықаралық конькишілер одағының "Челленджер" санатына қосылғанын жеткізді.

"Денис Тенмен бірге аралас-құралас болған мәнерлеп сырғанаушылар, ізін басып келе жатқан жас спортшылар мұз айдында бас қосып отыр. Биыл екінші рет өтіп жатқан бәсекеге қатысушылардың географиясы кеңейіп келе жатқаны қуантады. Осы орайда өмірге құштар азаматтың есімін жаңғыртуға турнирді "Челленджер" санатындағы бәсекелер қатарына қосып, ауқымын кеңейтіп жатқаны үшін халықаралық конькишілер одағына алғыс айтамын", – деді Ақтоты Райымқұлова.

Екінші Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Ерлер:

1. Петр Гуменник (Ресей);

2. Марка Кондратюк (Ресей);

3. Андрей Мозалев (Ресей);

9. Михаил Шайдоров (Қазақстан);

10. Диас Жиренбаев (Қазақстан);

12. Рахат Бралин (Қазақстан);

Әйелдер:

1. Виктория Сафонова (Беларусь);

2. Екатерина Рябова (Әзербайжан);

3. Анастасия Шаботова (Украина);

8. Ясмин Текик (Қазақстан);

10. Анастасия Лобанова (Қазақстан);

11. Багдана Рахишова (Қазақстан);

Жұптық сын:

1. Анастасия Скопцова / Кирилл Алешин (Ресей);

2. Александра Назарова / Максим Никитин (Украина);

3. Елизавета Худайбердиева / Егор Базин (Ресей);

7. Гаухар Наурызова / Боянсангур Датиев (Қазақстан).

"Денис Тен" қоғамдық қоры ұйымдастырған турнир 28-31 қазан аралығында өтті. Биыл мәнерлеп сырғанаудан "Челленджер" (ISU Challenger Series) санатында 7-ші жарыс саналатын Denis Ten Memorial Challenge турнирінде 18 елден келген 100-ден астам спортшы бақ сынады. Оның ішінде биылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері, Бейжіңде өтетін олимпиадаға баратын мәнерлеп сырғанаушылар бар.

Турнирде ерлер арасындағы жекелей сында – Рахат Бралин, Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, әйелдер арасында – Анастасия Лобанова, Богдана Ракишев мен Ясмина Текик, ал жұптық сында Гаухар Наурызова/Боянсангур Датиев және Максин Уэзерби/Темірлан Ержанов жұбы ел намысын қорғады.

Турнирде халықаралық конькишілер одағының (ISU) жоғары санатты 36 төрешісі қызмет етті.