Мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2021 халықаралық турнирінің билеттері сатылымға шықты.

Қазақстан кезеңі 2021 жылдың 28-31 қазаны аралығында Нұр-Сұлтандағы "Барыс Арена" стадионында өтеді. Жарысты Денис Тен атындағы қор ұйымдастырып отыр.

Билеттерді "Барыс" хоккей командасының сайтында сатып алуға болады. Билет құны:

  • 28-30 қазан аралығында – қай сектор екеніне байланысты 1 000-2 000 тг;
  • 31 қазанда – қай сектор екеніне байланысты 1 500-3 000 теңге.

Билеттер күні бойы көрсетілетін барлық бағдарлама үшін жарамды.

Турнир кестесі:

28 қазан

  • 14.30-16.10 – жұппен сырғанау, қысқа бағдарлама;
  • 16.25-19.20 – әйелдер, қысқа бағдарлама;
  • 19.35-21.40 – ерлер, қысқа бағдарлама.

29 қазан

  • 10.30-11.25 – мұз айдынында билеу (юниорлар), ырғақты би;
  • 11.40-14.25 – қыздар (юниорлар), қысқа бағдарлама;
  • 14.40-16.30 – жұппен сырғанау, еркін бағдарлама;
  • 16.45-18.55 – мұз айдынында билеу, еркін бағдарлама;
  • 19.10-22.30 – әйелдер, еркін бағдарлама.

30 қазан

  • 14.00-15.25 – жасөспірімдер (юниорлар), қысқа бағдарлама;
  • 15.40-16.45 – мұз айдынында билеу (юниорлар), ырғақты би;
  • 17.00-19.20 – ерлер, еркін бағдарлама;
  • 19.35-22.00 – мұз айдынында билеу, еркін бағдарлама.

31 қазан

  • 11.00-12.35 – жасөспірімдер (юниорлар), еркін бағдарлама;
  • 12.50-15.50 – қыздар (юниорлар), еркін бағдарлама;
  • 18.00 – жарыс жүлдегерлерінің гала-көрсетілімі.

Биыл турнирге 20 мемлекеттен 100 спортшы қатысады. Олардың ішінде 2021 жылғы әлем чемпионаты мен Пекинде өткен 2022 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері бар.