Демалыс күндері Қазақстанда күн ашық болады
Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай күтілуде."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен бірге екпінді жел күшейеді.
Ауа күндіз батыста және оңтүстікте 25-32, солтүстік пен орталықта 20-28, ал шығыста 17-25 градусқа дейін жылынады.
Оқи отырыңыз: Алматыда Көктөбеге апаратын "Денсаулық жолы" биыл ашылады