Қазгидромет 25-26 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Солтүстік-батыс циклонының әсерінен кей өңірде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ, қатты жел соғып, бұршақ жауады. Ал оңтүстікте ауа температурасы + 25; +35°С градусқа дейін көтеріліп, шаңды дауыл болады. Солтүстік – 25-33°С, орталық – 30-37°С, шығыс – 30, 37°С және оңтүстікте +40+45 градус ыстық болады", – делінген хабарламада. 

Алматы

25 маусымда Алматы қаласында түнде ауа температурасы 18-20 градусқа дейін көтеріліп, жел жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ал күндіз сынап бағанасы 29-31 градусты көрсетеді, жауын жаумайды. 

26 маусымда түнде сынап бағанасы 20-22 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы – 
2-7 м/с. Күндіз 34-36 градусқа дейін ыстық болады. 


Оқи отырыңыз: Израильдің шөл даласынан көне мешіттің іргетасы табылды


Елорда

Сенбі түнде ауа райы 18-20 градус болады. Күндіз өткінші жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы 34-36 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Жексенбі түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы 15-20 градус деңгейінде болады. Күндіз де жаңбыр жауады, сынап бағанасы 28-30 градусты көрсетеді. Желдің екпіні – 15-20 м/с.

Шымкент

25 маусым түнде сынап бағанасы 19-21 градусты көрсетеді. Күндіз 37-39 градусқа дейін ыстық болады. 

26 маусым түнде жауын-шашын болмайды, ауа температурасы 20-22 градус шамасында тұрақтайды. Күн 38-40 градусқа дейін ыстық болады. Желдің екпіні – 8-13 м/с.


Оқи отырыңыз: Ыстықкөлге баламен бару үшін оның паспорты болуы керек. Туу туралы куәлігі жарамайды