21-22 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 65 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Жәрмеңкеде 40-тан астам: ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және тағы басқа да өнім сатылады. Өнімнің жалпы көлемі – 200 тонна, оның ішінде ет – 35 тонна, жеміс, көкөніс – 120 тонна, сүт – 15 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері – 25 тонна.

Жәрмеңке Шевченко көшесіндегі "Шоқан Уәлиханов" алаңында Қонаев көшесі мен Пушкин көшесі арасында өтеді.


Оқи отырыңыз: Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтетін орын өзгереді.