Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы 18 градусқа дейін жылынады
Атлантикалық циклонмен байланысты Қазақстанда жауын-шашын болады."Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы демалыс күндері және дүйсенбі, 13 қарашада Атлантикалық циклонмен байланысты Қазақстанның батысынан шығысына қарай жауын-шашын болады.
"Қараша айындағы ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады.12 қарашадан бастап еліміздің батысына антициклон екпіні тарай бастайды. Жауын-шашын тоқтап, күндізгі температура 8–18 градусқа дейін көтеріледі. Республика бойынша жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі", – деп жазылған хабарламада.
Әсіресе солтүстік-батыста, жексенбіде оңтүстікте, дүйсенбіде оңтүстік-шығыста ақ жауын болады. Түнде жаңбыр ғана емес, қар жаууы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Гриппол плюс және Инфлювак тетра. Тұмауға қарсы қандай екпе алған дұрыс?