Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Дастан Рыспеков 

Дастан Рыспеков 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. 

Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – бас бухгалтері, Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2020 жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істесе, 2023 жылдан бері Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болды.