Ашық НҚА порталында Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерін үркітіп-қорқытатын немесе тіпті күш қолданатындарға қатысты енгізілетін толықтырулар жобасы жарияланды. 

Кодекске жаңа екі бап енгізіледі: 

320-1 бап. Денсаулық сақтай ұйымы қызметкерінің заңды қызметіне кедергі келтіру. 

Яғни, денсаулық сақтау ұйымы қызметкерінің кәсіби қызметіне араласу немесе оның қызметтік міндеттерін жүзеге асыруына кедергі келтіру. 

Жаза түрлері: 

  • 200 АЕК дейінгі айыппұл;
  • Осы мөлшерде түзеу жұмыстары;
  • 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс;
  • 50 тәулікке дейін мерзімге қамау. 

320-2 бап. Медицина қызметкеріне күш қолдану. 

Медицина қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш көрсету немесе күш көрсету туралы айтып қорқыту. 

Жаза түрлері: 

  • 3000 АЕК дейінгі айыппұл;
  • Осы мөлшерде түзеу жұмыстары;
  • 800 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыс;
  • 3 жылға дейін мерзімге қамау немесе осы мерзімге бостандығын шектеу. 

Еске салайық, соңғы уақытта медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану деректері жиілеп кеткен болатын. Бас прокуратураның биылғы тамыздағы мәліметі бойынша, 2019 жылдан бері медицина қызметкерлеріне күш көрсетудің 161 дерегі тіркелген


Оқи отырыңыз: МРТ мен компьютерлік томографияны қалай тегін жасатуға болады? Маңызды 12 сұраққа жауап