Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттік мерзімі аяқталды.Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды", – деп жазылған жарлықта.
Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысын 2014 жылдың қарашасынан бері басқарып келеді. Әртүрлі жылдар ішінде Павлодар облысының әкімі, премьер-министр, қорғаныс министрі қызметтерін атқарды.
2017 жылы Даниал Ахметов ресми түрде зейнеткерлік жасқа жеткенде оның өкілеттігі бес жылға ұзартылды. Кейінірек, осы жылдың маусым айында президент оның бұл қызметтегі өкілеттігін тағы бір жылға ұзартты.
7 желтоқсанда мемлекет басшысы Даниал Ахметовті Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне қайта тағайындады.