"Цифрлық құжаттар" бірқатар банк мобильді қосымшаларында қолжетімді
"Цифрлық құжаттар" қызметінде 18 құжат түрі бар."Цифрлық құжаттар" енді Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларында қолжетімді, деп хабарлады ҚР электронды үкімет баспасөз қызметі.
Аталған қызмет тек eGov mobile қосымшасында қолжетімді болатын.
"Цифрлық құжатты QR код және қысқа алты таңбалы код арқылы пайдалануға болады. Қосымшаға кірген кезде Kaspi.kz және Halyk Homebank пайдаланушы бір реттік пароль арқылы цифрлық құжаттарды пайдалануға келісім береді. Бұл механизм пайдаланушы деректерінің жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", – делінген баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетейік, цифрлық құжат – түпнұсқа құжаттың аналогы.
Қазіргі уақытта "Цифрлық құжаттар" қызметінде 18 құжат түрі бар.
Оқи отырыңыз: 5 қыркүйектен бастап некені, аты-жөнін өзгертуді және бірқатар қызметті цифрлы төлқұжатпен тіркеуге болады