Цифрлық даму министрлігі Астананың қай жерінде интернет сапасы жақсарғанын айтты
Қазіргі уақытта Хан Шатыр СОО маңындағы 11 тұрғын үй кешенінде базалық станция орнатылған.Өткен жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, байланысы жоқ немесе Интернет жылдамдығы төмен 67 тұрғын үй кешенін анықтады. Бүгінде 62 тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен келісімге қол жеткізілді, ал қалған бес үйде әлі де радиофобтар бар.
Мәселен, Манхэттен тұрғын үй кешені маңындағы мобильді интернеттің жылдамдығы мамыр айындағы көрсеткішпен (Beeline – 1,7 Мбит/с, Kcell- 1,2 Мбит/с, Tele2 – 5,4 Мбит/с) салыстырғанда, барлық операторда орташа есеппен 8-10 есеге өсті (Beeline – 28,7 Мбит/с, Kcell - 24,2 Мбит/с, Tele2 – 32,8 Мбит/с).
Оқи отырыңыз: Шетелге барғанда ұялы байланысқа қосылудың 4 жолы қандай?
Айта кетейік, қазіргі уақытта Хан Шатыр СОО маңындағы 11 тұрғын үй кешенінде базалық станция орнатылған (Самұрық Towers ТК, Семь Палат ТК, Анет баба 13/3, Өнер-2 ТК, Өнер тк, Е-128, Аққу ТК, Мұхамедханов 20, Мұхамедханов 19а, Smart City ТК, Greenline Qurmangazy ТК).
"Бұл жерде мәселе тек 50% шешілді. Босаңсуға әлі ерте. Бұл мәселені тезірек шешу керек. Тұрғындар қызмет үшін мемлекетке емес, операторларға төлейді. Болашақта мұндай проблемалар болмауы үшін құрылыс компаниялары архитектуралық жұмыстарды келісу кезінде базалық станцияларды орнату аймақтарын алдын ала анықтауы керек. Біз бұл мәселені бұған дейін де әкімдікпен талқыладық, сондықтан бұл жұмысты күшейту қажет", – деді Бағдат Мусин.
Сондай-ақ Министрлікке елорда тұрғындарынан Тұран даңғылы (Sezim Qala ТК, Ақ Дидар ТК) бойынша байланыс және интернет сапасына қатысты шағымдар келіп түсуде. Бұл ауданда антенна-діңгек құрылысын салу мүмкіндігі қарастырылды және 2024 жылдың ақпан айының соңына дейін электр монтаждау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, содан кейін байланыс операторлары жабдықтарды монтаждайды, аталған жұмыстар осы аудандағы байланыс сапасын жақсартуға әсер етуі тиіс.