Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясы "Украина балаларын қайтару" қарарын қабылдады, деп хабарлады ұйымның ресми сайты

Құжатты 91 ел қолдаса, 12 ел қарсы шығып, 57 мемлекет дауыс беруден қалыс қалды. Айта кетейік, Қазақстан бұл тізімде қалыс қалған елдердің қатарында. 

Бұл қарарда Ресейдегі заңсыз қоныс аудырылған, депортацияланған немесе күшпен шығарылған барлық украин балаларын "шартсыз, тез және қауіпсіз" қайтаруды талап етеді. Бас ассамблея хатшысы Анналена Бербок бұл мәселені бақылауға алуға және балалардың тағдырына қатысты толық ақпарат беруге шақырды.

Украинаның сыртқы істер министрлігі өкілі Марьяна Беца бұл туралы: "Бұл саясат емес, гуманизм туралы әңгіме. Әрбір бала қауіпсіз үйде өмір сүруге лайық", – деді. 

Сондай-ақ, ол соғыс кезінде балалардың қаза табатынын, жараланатынын, зорлыққа ұшырайтынын, отбасынан айырылатынын айтып, "балаларды әскери трофей ретінде қарастыру мүмкін емес екенін айтты. 

Ал Ресейдің тұрақты өкілі Мария Заболоцкая дауыс беруге дейінгі сөзінде: "Бұл сессия қайта жалғаспауы тиіс еді, себебі оның мақсаты – жағдайды тұрақтандыру емес, Украин дағдарысында ұзақ мерзімді бейбіт шешімді бұзу", – деген болатын.

Ол: "Бұл қарардың мақсаты – Ресейге қарсы депортация туралы нарративті ілгерілету", – деген пікір білдірді.