Бұрынғы "Рухани жаңғыру" институтының құрамындағы "Жастар" ҒЗО мемлекет меншігіне өтеді
2022 жылы институт атауындағы "Рухани жаңғыру" сөздері алынып тасталды."Қазақстан қоғамдық даму институты" КЕАҚ құрамындағы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы мемлекет меншігіне өтеді. Бұл туралы ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы енді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бағынады.
"Жастар" ҒЗО" ЖШС ғылыми зерттеулер жүргізетін және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуетін бірыңғай республикалық ғылыми-әдістемелік орталыққа айналады" делінген қаулының түсіндірме жазбасында.
Еске салайық, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы құрамында болған "Қазақстан қоғамдық даму институты" КЕАҚ 2019 жылы 123 850 000 теңге республикалық бюджет қаражаты есебінен және "Рухани жаңғыру" деген атаумен құрылған болатын. Ал 2022 жылы институттың атауы өзгеріп, одан "Рухани жаңғыру" сөздері алынып тасталды.
Оқи отырыңыз: "Рухани жаңғыру" исключили из названия Казахстанского института общественного развития
Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 16 маусымға дейін.