Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі.Қазақстанның көп бөлігінде құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстігінде және батысында ауа температурасы 35-40°C дейін көтерілуі мүмкін. Тек солтүстікте және шығыста аздаған бұлтты ауа райы мен екпінді жел болжанып жатыр.
Маңғыстау облысы
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 15 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана
15 тамызда таңертең және күндіз найзағай, күндіз бұршақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысы
Күндіз Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 15 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 15 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында 42 градус қатты ыстық күтіледі. Шымкент қ.: 15 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 15 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 15 тамызда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысы
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 15 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 15 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Абай облысы
Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 15 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 15 тамызда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысы
15 тамызда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 15 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 15 тамызда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
Павлодар облысы
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 15 тамызда түнде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы
Түнде Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 15 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 15 тамызда түнде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысы
15-16 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 15 тамызда күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 15-16 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 15 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. 15-16 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысы
Күндіз Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 15 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысы
Алматы қ.: 15 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.