15 қараша түнгі сағат 00:00-де 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Құжат қабылдау 20 қараша сағат 23.59-да аяқталады.

Бағдарлама қатысушыларына негізгі 4 талап қойылады:

  • 29 жастан аспаған;
  • Алматыда соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркеуде болуы;
  • Қазақстан аумағында соңғы 2 жылда тұрғын үйдің болмауы;
  • соңғы 6 айдағы айлық жалақысының 40 АЕК-тен – 116 680 теңгеден жоғары болуы.

​Өтініштер https://almaty-jastary.info сайтында қабылданады. Өтініш берушілер сайтқа электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы кіре алады. Қажетті құжаттар тізімі, жиі қойылатын сұрақтар және басқа да ақпарат аталған сайтта орналастырылған.

Пәтерлер Наурызбай ауданындағы "Алма сити-5" және Алатау ауданындағы "Мәдениет" жаңа тұрғын үй кешенінен беріледі. 

Жоспар бойынша, биыл 1 050 бір бөлмелі пәтер ұзарту құқығынсыз 5 жылға беріледі. 

Еске салсақ, Алматыдағы ЖОО түлектерінің 59%-ының өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтіні белгілі болды.