БҚО әкімінің міндетін атқарушы Ғали Есқалиев облыстық көпбейінді ауруханада диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерімен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мұнда жараларды вакуумдық аспирациялауға арналған аппарат – баяу, нашар емделетін науқастар үшін бағана жасушаларын трансплантациялауға мүмкіндік береді.

Бүгінде облыстық ауруханада хирургиялық аллографтау процедурасын 10 дәрігер жүргізеді. Жаңа әдіс пациент үшін өте жайлы. Себебі, бұрын мұндай жаралар шамамен 1,5 ай бойы тазартылатын, қазір жаңа құрылғының арқасында орта есеппен 7 күн қажет. Қазірдің өзінде бұл аппаратпен 100-ден астам науқас емделді.

Сонымен қатар, облыстық көпбейінді аурухананың сүйек-бет бөлімшесінде анестезиямен неврологиялық симптоматикасы (Даун синдромы, аутизм, церебральды сал ауруы) бар пациенттерге көмек көрсететін стоматология кабинеті жұмыс жасайды. Оған рентген камерасы сатып алынып, бүгінде 30-дан астам пациент, негізінен балалар ем алуда. 

Өңір басшысы рентген-ангиографиялық операция бөлмесінде болды. Қазіргі таңда мұнда Siemens ангиографиялық аппараты орнатылған, аппараттың көмегімен жүрек ритағының бұзылуына (жүрек артитмиясы) арналған операция жасалады. Қыркүйек айында жұмысын бастаған аппарат арқылы 12-ден астам пациентке ота жасалды. 

Сондай-ақ, аппаратта ми мен перифериялық тамырларға операция жасауға болады. Осы уақытқа дейін миға ашық операциялар жасалған болса, енді осы аппараттың көмегімен ми тамырларында аз инвазивті, эндоваскулярлық процедуралар, атап айтқанда ишемиялық инсультке әкелетін қан ұйығыштарын жою, сондай-ақ аневризмаларды эмболизациялау жүргізіледі. 

Бұрын мұндай операциялар тек қалалық көпбейінді ауруханада жүргізілген болатын.