Ғылым және жоғары білім министрлігі жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос гранттарды тағайындау жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі

Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті. Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" салаларына бөлінді.

Комиссия шешімімен 4 мыңнан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанады.

Грант иегерлерінің тізімдері 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және телеграм-каналында жарияланады.

Грант сертификаттарын Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан жүктеп алуға болады.


Оқи отырыңыз: 2023-2024 оқу жылына 88 мың білім беру гранты бөлінді. Басым бөлігі педагогтерге тиесілі