"Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы болып "Қазақстан халқына" қорының төрағасы Болат Жәмішев сайланды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.  

Қордың ресми сайтында хабарланғандай, "Самұрық-Қазына" АҚ қоғамдық кеңесінің жұмысы қаржылай шығындарды талап етпейді. Себебі, қоғамдық кеңес мүшелеріне еңбекақы төленбейді.


Оқи отырыңыз: 


Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында кеңес мүшелері "Самұрық-Қазына" АҚ реформалау жоспары туралы баяндаманы тыңдады. Жиынға қатысушылар қоғамда қызу талқыланып жатқан өзекті мәселелерді, соның ішінде кадрлық саясат, сатып алулар, "Самұрық-Қазына" тобының активтерін жекешелендіру, ұлттық компаниялардың қордаланып қалған проблемаларын жан-жақты талқылады.  

Қордың басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев өз кезегінде қоғаммен ықпалдасу қордың қызметін жетілдіру және ұйымдастыру жолындағы маңызды тетік екенін тілге тиек етіп, қоғамдық кеңес мүшелерімен ашық диалог орнатуға әзір екенін жеткізді.