Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес фирмалар заңсыз майнингпен айналысқан
Қаржы мониторингі агенттігі барлығы 25 қылмыстық істі тіркеді, құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдық тәркіленді.Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік органдармен бірлесіп майнинг фермаларының қызметіне кешенді тексерулер жүргізіп, 55 майнинг фермалары қызметін өз еркімен тоқтатты.
Өз қызметтерін тоқтатқан майнингтік компаниялардың қатарында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес фирмалар бар.
Сондай-ақ, солардың арасында "QazaqGaz "ұлттық компаниясы" АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллин болды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда заңсыз майнерлер мың мегаваттан астам электр энергиясын тұтынып отыр
"Сонымен қатар, 51 майнингтік фермаларының заңсыз қызметінің жолы кесілді. Олар қызметтерінің басталғаны туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз энергиямен жабдықтау көздеріне заңсыз қосылды, арнайы экономикалық аймақтардың аумағына негізсіз орналастырылды, сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарды. Бүгінгі күні олардың барлығы электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған" делінген баспасөз хабарламасында.
Майнинг жабдықтарының елге кіруі бойынша: Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузия елдерінен әкелінген болатын. Оларды әкелу контрабандалық тәсілмен жүзеге асырылды.
Осындай фактілердің бірі Алматы қаласында анықталды, Қытайдан 2,8 млрд теңгеге бір мыңнан астам майнингтік жабдық әкелінді.
Қаржы мониторингі агенттігі барлығы 25 қылмыстық істі тіркеді, құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдық тәркіленді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елдегі электр энергиясын тәуліктік тұтынуы 600 Мегаватт/сағатқа төмендеді.