Отырыс барысында 2024 жылға арналған "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтетін жұмысшылар санаттарының тізімін қайта қарау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

"Болашақ" стипендиясын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша жүргізіледі.

Тізім келесі санаттарды қамтыды:

  • Инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері;
  • Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • Медицина қызметкерлері;
  • Мемлекеттік қызметшілер;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;
  • Мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;
  • Соттар және сот қызметкерлері.

Оқи отырыңыз: Мәдениет және спорт қызметкерлері "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өте алады


Тағылымдамалардың ұзақтығы 1 айдан 12 айға дейін. Тағылымдамадан 40-тан астам елдің жетекші университеттерінде, ғылыми-зерттеу орталықтарында, салалық ұйымдарында өтуге болады.Тағылымдаманың ұзақтығы 1 айдан 12 айға дейін созылады.