"Болашақ" стипендиясының мөлшері қазіргі таңда студенттердің оқу ақысы, пәтер жалдау, азық-түлік алу және өзге де шығындарын өтеуге жеткілікті емес. Бүкіл әлемде инфляция жыл сайын өсіп отырғанынан қарамастан, шығыстар нормасы 2012 жылы бекітілген мөлшерде қалып отыр. Бұл туралы мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев айтты

"Стипендиаттардан ай сайынғы стипендияның мөлшерін оның мөлшерінің оқу елінің нормаларына сәйкес келмеуіне байланысты арттыру қажеттілігі туралы өтініштер көп. Осыған байланысты "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған шығыстар нормаларын, үлгілік шарттарды бекіту туралы" бұйрыққа стипендиаттың шетелде тұруына, тамақтануына және оқу әдебиетін (ай сайынғы стипендия) сатып алуына арналған шығыстар нормасын арттыру ұсынылады", – деді депутат. 


Оқи отырыңыз: "Бакалавриат қайтарылады". "Болашақ" бағдарламасындағы үш өзгерісті ғылым министрі атады


Оның сөзінше, стипендия мөлшерін белгілеуде адами әлеуетті дамыту индексі, ең төменгі еңбекақы мөлшері, номиналды ішкі жалпы өнімнің көлемі, азық-түлік шығындары, күнкөріс деңгейі, инфляция индексі, өмір сүру деңгейі секілді критерийлер назарға алынған. Алайда, инфляция бүкіл әлемде өсіп келеді. Сәйкесінше, "Болашақ" иегерлері білім алатын елдердегі күнкөріс те 2012 жылмен салыстырғанда әлдеқайда қымбаттаған.