17 шілдеде "Болашақ" бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі басталды. Құжат қабылдау 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

2023 жылы магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.

Еске салайық, "Болашақ" бағдарламасы аясында инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін "Инженерлік-техникалық қызметкерлер" жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар Халықаралық бағдарламалар орталығының бастамасымен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді.

Аталған өзгертулердің арқасында қазақстандық дәрігерлер мен техникалық қызметкерлер мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өте алады.


Оқи отырыңыз: "Болашақ" стипендиясына 2023 жылы қай уақытта құжат тапсыруға болады?