Шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өте алатын жұмысшылар санаттары белгілі болды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Олар:

  • инженерлік-техникалық жұмысшылар;
  • медициналық қызметкерлер;
  • мәдениет, туризм және спорт қызметкерлері;
  • БАҚ қызметкерлері;
  • ауыл шаруашылығы өнеркәсібі саласының қызметкерлері;
  • мемлекеттік қызметшілер;
  • ғалымдар;
  • орта білім, техникалық және кәсіптік бағдар беру ұйымдарының мұғалімдері.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін техникалық мамандыққа басымдық беріледі. Аталған бағытта білім алатын стипендиаттардың қатары көбейіп, жоғары оқу орындарының саны артады. 


Оқи отырыңыз: "Болашақ" бағдарламасы аясында әдебиетші мамандарды оқыту үлесі артады