Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауапта Қазақстанда ақылы жедел жәрдем қызметін дамыту мәселесіне тоқталды. 

Оның айтуынша, бұл сала – мемлекеттің кепілі, еліміздің азаматтарының денсаулығы пен өмірін сақтауға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету болып саналады. Ал бизнес тарапынан оған қызығушылық өте төмен. 

"Бүгінде елімізде жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік орган деңгейінде мониторингтелетін және үйлестірілетін жедел медициналық көмектің дамыған инфрақұрылымы, материалдық-техникалық және кадрлық базасы бар. Сонымен бірге бизнес тарапынан ЖМК көрсетуге қызығушылық жоқ", – делінген министрдің жауабында. 

Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда ақылы жедел жәрдем қызметі бар. Бірақ, олар көп емес. Сондай-ақ, мемлекеттік жедел жәрдем шақыру қызметіне қолданылатын жеделділік санаттары ақылы жедел жәрдем қызметіне қолданылмайды. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жедел жәрдем көліктерінің 70 пайызға жуығы тозған