Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан елордалық сотта өткен жарыссөзде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сөз сөйледі.

Марқұмның ағасы атап өткендей, заңгер емес қарапайым адамдарға қатыгездікті көру үшін арнайы білім қажет емес. Ол үшін тек жүрек болса – болғаны.

Ол сот барысында сотталушының телефонынан табылған бейнежазбалар туралы айтты.

"Мен үшін және басқаларыңыз үшін мұндай нәрсені жасау үшін қандай адам болуы керек екенін елестету және түсіну қиын. Бұл адамның кез келген шешімді қалай қабылдайтынын түсіну қиын. Оның басқаша адам екенін түсінудің қажеті жоқ. Ол жай ғана басқаша жаратылған және құрылымдалған адам. Оны түсінуге тырысудың қажеті жоқ. Сіз бен мен үшін бұл – адам ойына келмейтін қатыгездік. Ал ол үшін бұл кәдімгі бейсенбі болды. Ол үшін 9 қараша – кәдімгі күн, ол өзін адамзаттың ең жақсы өкілі, ал басқаларды өзіне және оның мақсаттарына қызмет ету құралы ретінде қарастырады. Сондықтан оның көз жасын, тәубесін, уайымын, азабын көрмейміз, тек күлкісін ғана көреміз", – деді Айтбек Амангелді.

Марқұмның ағасының айтуынша, Салтанаттың өлімі тез арада болды деп, ол қатты азап көрмеді деп үміттенген. Бірақ сотталушының телефонындағы азаптау мен қорлауды бейнелейтін бейне жазбалар бәрі керісінше болғанын дәлелдейді.


Оқи отырыңыз. Олар қан мен іздерді өшірді: Прокурор Бишімбаевқа аммиак не үшін қажет болғанын болжап айтты


"Бейнежазбада Салтанат қанды көйлек ұстап тұрып, оның осы әрекетіне дәлел болатынын, кем дегенде 10 жылға қамалатынны айтқан. Менің ойымша, ол бар әрекеті әшкере болады деп, сол үшін тағы да түрмеге отырамын деп қорыққандықтан ол адам өлтіру туралы шешім қабылдады және болашақта оны жасыруға әрекеттенуіне әкелді", – деді Айтбек Амангелді.

Ол алқабилерді әділ шешім қабылдауға шақырды.