Биыл Қазақстанға шетелден келген туристер саны 47 пайыз азайды
Шипажайлар 1,9 млн ішкі турист пен 109,8 мың шетелдікті қабылдап, 42,8 млрд пайда тапты.Қазақстанға шетелден келетін туристер азайды. Бірақ соған қарамастан олардан түсетін табыс көбейді, деп хабарлайды LS.
Статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елге келген туристер саны былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 46,8% аз. Қазақстанға жалпы саны 949,4 мың шетелдік келген. Ал ішкі туризм 64,6% өсіп, 3,9 млн адамға жетсе, шетелге шығушылар саны 4,9% ғана көбейіп, 2,5 млн болды.
Аталған уақыт аралығында қонақүйлер 4,1 млн адамды қабылдап, 78,9 млрд теңгенің қызметін көрсетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 59,4% көп. Қазір ел бойынша 3,7 мың қонақүй мен хостел бар. Олардағы нөмір саны – 79,9 мың. Орын саны – 191,6 мың. Ал шипажайлар 1,9 млн ішкі турист пен 109,8 мың шетелдікті қабылдап, 42,8 млрд тапты.