Биыл қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 1 трлн теңгеге өсті
Ұлттық банктің 2014 жылдан бері берген таза инвестициялық табысы – 7,4 трлн теңге.Биыл 1 мамырға дейінгі мәлімет бойынша, азаматтардың зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге өсті. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Төрт айда БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық табысы 481,8 млрд теңгені құраған.
"Ұлттық банктің 2014 жылдан бері берген таза инвестициялық табысы – 7,4 трлн теңге. Зейнетақы жинақтарының құрылымындағы жинақталған таза табыстың үлесі жүргізілген төлемдерді есепке алғанда биыл мамыр айының басындағы жағдай бойынша 36,4 пайызды құрады" – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын түгел пайдалану және ХҚКО-да неке қию. Шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді?