2024 жылы отандық 15 жоғары оқу орны жасанды интеллект бойынша Google курстарын енгізді. Generative AI курсы аясындағы жобаға 5 мың студент қатысады. 2 ЖОО (Абай атындағы ҚазҰПУ және Қ. Жұбанов атындағы АӨУ) Google for education пилоттық жобасына қатысуда, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

NVIDIA бойынша – 12 ЖОО DLI жобасына қатысып жатыр, 12 сертификатталған өкіл NVIDIA сертификаттарына қол жеткізді, 2 оқытушы NVIDIA-дан DLI сертификатын иеленді.

Министрлік 01 EduSystem компаниясымен инновациялық бағдарламалау мектептерін ашу бойынша өзара ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жоба өңірлік 20 ЖОО-да іске асырылады. Пилоттық жобаға Yessenov University қатысатын болады. Жоғары оқу орындарында цифрлық экожүйе күшейтілді. Оқу орындары LMS (Platonus, Univer, Moodle және т.б.) платформаларына қосылған.

"Жасанды интеллект саласында ЖОО аралық ЖИ стандарты қабылданды, 17 ЖОО "Қолданбалы жасанды интеллект", "Жасанды интеллект және блокчейн инженериясы", "Кибернетика және ЖИ", "Медицинадағы ЖИ", "Жасанды интеллект және деректерді талдау", "Көлік инженериясындағы ақылды технологиялар және жасанды интеллект", "Информатика және жасанды интеллект" және басқа да 21 білім беру бағдарламасы әзірленді", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект қазақша сөйлей бастайды – "Тіл-Қазына" орталығының директоры


Түлектер жаңа білім беру ісінде Python бағдарламалау, кітапханалармен және құрылымдармен жұмыс (TensorFlow, Keras, PyTorch), деректерді талдау және визуалды бейнелеу (Pandas, NumPy, Matplotlib, Seaborn), табиғи тілді өңдеу (NLP), үлкен деректер және мәліметтер базасымен жұмыс (SQL, NoSQL), ЖИ шешімдерін бизнес-үдерістерге біріктіру, нейрондық желілерді әзірлеп, енгізу, ЖИ және басқаларды пайдалана отырып процестерді автоматтандыру сияқты дағдыларға ие болады.

ҒЖБМ Мемлекет басшысына барлық деңгейдегі студенттер арасында ЖИ саласындағы дағдыларды жан-жақты дамытуға бағытталған ЖИ бойынша AI-Sana пилоттық бағдарламасын таныстырды. Ол ұлттық экономикадағы ЖИ әлеуетін ашуға және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аудара отырып, 100 мың қатысушыны қамтиды. Қазақстанның технологиялық және экономикалық өсуінің драйвері бола алатын DeepTech-стартаптарды құруға ерекше назар аударылды. Бұл бастама еліміздің ғылыми-технологиялық дамуына жаңа серпін бере отырып, білікті кадрларды даярлау және ЖИ технологияларын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.