2023 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында 13 589 орынға арналған жалпы білім беретін 24 мектеп, сондай-ақ 1458 орынға есептелеген мектепке дейінгі 19 ұйым пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

6 мектеп мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен, қалған 18-і жекеменшік кәсіпорындар тарапынан пайдалануға берілген.

Жоғарыда аталған уақыт аралығында пайдалануға берілген жалпы білім беретін 11 мектеп Түркістан облысында, 3 мектеп Жетісу облысында болса, Атырау және Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында 2 мектептен ашылған. Астана қаласы және Ақтөбе облысында 1 мектептен ашылды.