Биыл қаңтар-наурыз арасында шетелден келген туристер саны 2,3 есе өсті
Осы жылдың бірінші тоқсанында елімізге 227,7 мың шетелдік турист келді.ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 130 мың адамға немесе 2,3 есе көп.
Алғашқы тоқсанда ішкі туристер саны да 20%-ға артты. Қаңтар-наурыз аралығында 1 миллион 348 мың қазақстандық ел ішінде саяхаттаған.
"Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп күтілуде. Бұл – шетелдік қонақтардың қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, жаз басталғалы )азақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты", – деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
Оқи отырыңыз: Іле Алатауы, Бурабай, Көлсай. Қазақстанда туристер ең көп баратын 5 мекен.