Биыл қанша оқушы жазғы лагерьге барады?
Оқушыларға арналған жазғы демалыс шараларына бюджеттен 4,53 млрд теңге бөлінген.Биыл аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 61 пайызы, ерекше білім беруді талап ететін балалардың 64 пайызы жазғы демалыс шараларымен қамтылады, деп мәлімдеді балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.
"2021 жылмен салыстырғанда республика бойынша лагерьлерде демалатын балалардың саны биыл 800 мыңға көбейді. 2 564 000 (80,7%) мың бала 86 966 құрылыс отрядына орман және көгалдандыру жұмыстары, аула клубтары, дебаттық қосымша білім орталықтарына тартылады", – деді Есенғазы Иманғалиев.
Мұнымен қатар, комитет төрағасы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен мүгедектігі бар оқушылардың басым бөлігі қамтылатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Мектепте оқу ұзақтығын арттыру туралы ұстаздар, оқушылар және ата-аналар не ойлайды?
"Жазғы демалыс шараларымен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы, ерекше білім қажеттілігіне мұқтаждардың 64%-ы және 78% түрлі салада жетістікке жеткен оқушылардың, девиантты тәрбиедегі балалардың 82%-ы қамтылады деп жоспарланып отыр", – деді Есенғазы Иманғалиев.
Жазғы сауықтыру науқанын қаржыландырудың жалпы көлемі 4,53 млрд теңгені құрайды.
"Алайда жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда биыл Маңғыстау, Атырау облыстарында оқушылардың демалыспен қамтылу жоспары біршама төмен", – деді комитет төрағасы.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов: Директордың бір мектепте 15 жыл басшылық етуі оқыту тиімділігіне әсер етпей қоймайды